1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.;
3) мүдделер қақтығысы – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл кезде көрсетілген адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлық белгілері бар, заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі превентивті шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі.
2. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер (қызмет) айқындалады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесінің, бақылау кеңесінің (ол болған жағдайда) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен құрылады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің құрылымы мен штат саны (сандық құрамы) квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысымен директорлар кеңесімен, бақылау кеңесімен (ол болған жағдайда) немесе өзге де тәуелсіз басқару органымен келісу бойынша бекітіледі.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады, олар квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже негізінде әзірленеді және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысымен директорлар кеңесімен, бақылау кеңесімен (ол болған жағдайда) немесе өзге де тәуелсіз басқару органымен келісу бойынша бекітіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы тиісті акт квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және ұйымның барлық қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің мәртебесі- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже Кәсіпорынның ішкі құжаты болып табылады және Кәсіпорындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі комиссияның қызметін айқындайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдауда және іске асыруда тәуелсіз.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкерлеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі нормативтік құжаттамасының ережелері қолданылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметін бағалауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметінің негізгі мақсаты квазимемлекеттік сектордың және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндеттері:
1) оқушылар, педагогикалық ұжым, әкімшілік және Кәсіпорын қызметкерлері арасында сындарлы қарым-қатынас орнату және нығайту;
2) кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) қоса, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың құқықтық негіздерін қолдау, тұрақты моральдық-адамгершілік, әлеуметтік-экономикалық және этикалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
6) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімділігіне мүдделілігі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің тәуелсіздігі;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметінің ақпараттық ашықтығы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру.
7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің функциялары:
8) квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі саясатын әзірлейді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің жай-күйіне мониторинг және талдау жүргізеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
11) құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіруге және орындауға бағытталған дәрістер мен басқа да іс-шаралар жүргізеді;
12) корпоративтік этикалық құндылықтарды ілгерілетеді;
13) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексін (болған жағдайда) сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
14) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;
15) ұйым мен қызметкерлердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламасының құрылымдық бөлімшелермен орындалуына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
16) азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
1квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмысты үйлестіреді;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға қатысады;
18) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқаруды жүзеге асырады;
1) мүдделер қақтығысын, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселелерінде анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
20) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыйлықтар мен өкілдік шығыстар мәселелерін реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
21) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға қатысады;
22) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізеді;
23) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруының тиімділігіне бағалау жүргізеді;
24) квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
25) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің құқықтары:
1) ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген бекітілген рәсімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға және алуға;
2) өз құзыретіне жататын мәселелерді басшылықтың қарауына шығаруға бастамашылық жасауға;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жаса
1уға;
4) қызметтік тергеулер шеңберінде басшылардан және басқа да қызметкерлерден жазбаша түсініктемелер беруді талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қарауына ұсынуға;
6) өз құзыреті шегінде ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуға;
7) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсетуге;
8) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарламалар келіп түсетін ақпараттандыру арналарын құруға не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің міндеттері:
1) егер онда дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, инсайдерлік ақпараттың құпиялылығын сақтауға;
2) сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге де ішкі саясаттар мен рәсімдерді бұзушылықтың болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтың болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы басшылықты уақтылы хабардар етуге;
4) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, тиісті дәлелдемелері бар материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға беруге;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
6) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтауға.
7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің есептілігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтеріне әдістемелік және ақпараттық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.